Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына қатысатын соңғы саяси ұйымның кандидаттарын тіркеді. Ол - “Республика” париясы.
Асылбек Данияр, тілші:
«Respublica» партиясынан 25 кандидат ұсынылған болатын. Үміткерлердің басым бөлігі кәсіпкерлер. Алайда, 2 адам өз еркімен партиялық тізімнен шығу туралы өтініш берген. Сонымен, бұл саяси ұйымнан 23 адам науқанға қатысуға жіберілді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент мәжілісі сайлауына қатысуға ниет білдірген барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келетіндігін мәлімдеді. Квота нормасы толық сақталған. Кандитаттардың ішінде 8 адам: әйелдер, жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Ал, партияның бір мандатты округтер бойынша ұсынылған төрт адамның екеуі тыс қалды. Бірі – заң талабына сай келмейді, Қазақстан аумағында соңғы он жылда тұрмаған. Екіншісі – отбасылық себептерге байланысты бас тартқан.
Айдарбек Қожаназаров, «Respublica» партиясының төрағасы:
Екі адам бас тартты. Ол – өздерінің жеке мәселесі. Ол ешқандай саяси мәселе емес. Олардың ішкі жағдайлары, жанұясына байланысты, көшуге байланысты. Сондықтан да, олар дайын болмағандықтан өздері бас тартты.
Асылбек Данияр, тілші:
Жуырда ғана Әділ министрлігі тіркеген «Respublica» партиясы сайлауға бірінші рет түсіп жатқандықтан, комиссия шотыны әрбір бір адамнан 1 миллион 50мың теңге жарна төлеген. Сонымен, барлық жеті партиядан 281 кандидат тіркелді. Бұл процесс алдағы сенбі сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Әр қарай үгіт- насихат науқаны. Ал, сайлау 19 наурызда өтеді.