Бұл - Түркияда зілзаладан кейін 83 сағат өткенде кішкентай баланы аман-есен үйінді астынан шығару сәті.
Дәл осы Хатай провинциясында қуатты дүмпулерден кейін 90 сағат өткенде 48 жастағы әйел тірі табылған. Бұдан бөлек, Диярбәкірде ұзақ уақыттан соң 6 жасар бала құтқарылды. Соңғы деректерге сай, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 20 мыңнан асты. Түркияның өзінде 66 мыңнан астам адам жараланған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дүйсенбіде болған жер сілкінісінен аман қалғандарды тағы бір апат күтіп тұр, деп мәлімдеді. Ол - пана, азық-түлік, су мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі.
Арай Төлегенқызы