Сирияда тозығы жеткен инфрақұрылым құтқару жұмыстарын қиындатып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда тозығы жеткен инфрақұрылым құтқару жұмыстарын қиындатып отыр

09.02.2023

Бұл Сириядан бейнекадрлар. Құтқарушылар үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Алайда тозығы жеткен инфрақұрылым құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Жолдар жабық болғасын, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға көмек жеткізу мүмкін болмай жатыр. Әзірге елге Түркия жағынан кіретін өткізу пункті арқылы БҰҰ-ның көмегі жетті. Ал үйінді астында жатқандарды шығаруға ауыр техника жоқ. Апаттан 3 мыңнан астам адам қаза тапқан. Ресми мәліметтерге сай, зілзала болған елдің солтүстік-батысындағы қалаларда 11 миллионға жуық адам тұрады. Күннің суықтығынан тірі қалғандарды табу үміті азайып барады. Оның үстіне аяз күшейді. Ал үйсіз қалғандар далада түнеуге мәжбүр.

Шаһар, жергілікті тұрғын:

Қабырғадағы жарықшақты көріп, қорқып тұрмын. Алеппода күн қаншалықты суық, жаңбырлы, тіптен цунами болса да үйінді астында қалғаннан гөрі балаларымызбен бірге тағы саябақта түнегенді жөн көрдік.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу