Қазақ-Британ үкіметаралық комиссия отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Британ үкіметаралық комиссия отырысы өтті

08.02.2023

Ұлыбритания Қазақстанмен арадағы байланыстарды нығайтуға ниетті. Бұл туралы екі елдің үкіметаралық комиссиясының отырысында осы елдің Бизнес және сауда департаментінің мемлекеттік министрі мәлімдеді. Ұлыбританияның Қазақстан экономикасына құйған инвестиция көлемі 2021 жылы 1 млрд АҚШ долларынан асқан. Ал былтыр бұл көрсеткіш 9 айдың ішінде 600 млн АҚШ долларын құраған. Тауар айналымы да екі есе өскен. Бұдан бөлек 8 түрлі тауарды Ұлы дала елінен Ұлыбританияға экспорттаудың мүмкіндігі туып отыр. Геосаяси жағдайға байланысты 370 британиялық компания Ресей нарығынан кетуді жоспарласа, олардың тоғызы кеңсесін Қазақстанға көшіруге ниетті. Екеуі, тіпті, қоныс аударып та үлгерген.

Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Еуразия нарығын сақтап қалу үшін мәжбүрлі түрде басқа елге көшуге мәжбүр болып отыр. Ең жақыны Қазақстан және осы Қазақстанға біз тарту үшін көптеген, біздің елшіліктен бастап, былтырғы жылдан бастап, көптеген кездесулер өткіздік.

Кэти Лич, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі:

Сіздің елге ауыл шаруашылығы үшін малға арналған генетикалық материалдарды экспорттауды бірінші рет бастағалы жатырмыз. Бұдан бөлек экологиялық таза энергия, жасыл технологиялар және білім салалары бойынша ынтымақтастығымыз беки бермек.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу