Құтқарушылардың тағы бір тобы Түркияға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құтқарушылардың тағы бір тобы Түркияға аттанды

08.02.2023

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларынан құралған тағы бір топ Түркияға аттанды. Бұл - бауырлас елге көмектесу үшін жолға шыққан екінші жасақ.
Құтқарушылар түрік әріптестерімен бірлесіп, жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектеседі. Жасақ құрамында кинологиялық топтар мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де бар.
Ал қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі Түркияның Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісіп кеткенін хабарлаған едік. Олар екі топқа бөлініп, ең қиын учаскелерге аттанған. Қазір біздің құтқарушылар құлағалы тұрған ғимараттардың маңын автокөліктерден босатып жатыр. Апат бола қалған жағдайда машиналардың отқа орануының алдын алмақ.

Хабарламаларға жазылу