Түркияда құтқару жұмыстары аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда құтқару жұмыстары аяқталуға жақын

16.02.2023

Алапат зілзала болған Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары аяқтала бастады. Қазақстандық құтқарушылар да өздеріне сеніп тапсырылған учаскелерде жұмыстың басым бөлігін аяқтады. Енді бірнеше күнде елге қайтады.

 Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркиядағы құтқару жұмыстарына Қазақстаннан барлығы 97 адам және 6 техника қатысты. Қазақстандық топтың құрамында құтқарушылар, кинологтар мен дәрігерлер бар. Біздің құтқарушылар негізінен екі қалада жұмыс істеді. Газиантеп және Нұрдағы. Газиантепте үш ғимараттың үйінділерінен адамдарды іздеу-құтқару жұмыстарымен айналысқан біздің жігіттер 4 адамды тірі алып шықты. Қазір екі ғимараттағы құтқару жұмыстары толық аяқталды. Үшінші ғимаратта да аяқталуға жақын. Ал Нұрдағы қаласында қазақстандық құтқарушылар 7 қабатты бір ғимаратта жұмыс істеді. Ол жерден үш адам тірі шығарылды. Медицина мамандары осы күндері 200-дей адамға көмек көрсетті. Олардың қатарында 30-ға жуық бала да бар. Көбіне жергілікті тұрғындар дәрігерлер қарауына жеңіл жарақаттарын емдетуге және күйзелістен шығу жолдарын іздеп келген. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін біздің құтқарушылар барлығы 7 адамды үйінді астынан аман алып шыққан. Ал 88 адамның денесі шығарылды.


Хабарламаларға жазылу