Түркиядағы жер сілкінісінен кейін арнамыздың тілшілері сол елдегі қазақстандық азаматтарды іздеп, қазіргі ахуалдарын біліп, қандай да бір көмек қажеттігін сұрап жатыр. Солардың бірі Газиентап қаласының тұрғыны, отандасымыз – Жадыра Асанқызы. Ол жер сілкінісі басталғанда үйінде отбасымен бірге болған. Олар жалма-жан, тіпті жалаң аяқ далаға шығып, қауіпсіз жерге жеткен екен.
ЖАДЫРА АСАНҚЫЗЫ, ГАЗИАНТЕП ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ұйықтап жатып шошып ояндық. Баланы алып шықтық. Қорқынышты дауыстар естілді. Аяғымызға ештеңе киместен шығып кеттік. Үй өте қатты тербеліп тұрды, үстімізге құлайтын сияқты. Жалаң аяқ жүгіріп, алысқа кеттік. Барлық адам естері шығып, не істерін білмей, туысқандарына хабарласып, түгендеп жатыр. Мен де Қазақстандағы барлық ағайынды хабардар еттім. Қазір осындамыз, жатақхана береді. Үйге бармаймын. Қорқынышты. Ауа-райы жаман боп тұр. Ешкім үйіне барғысы келмейді.