Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық жүк Газиантеп әуежайына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық жүк Газиантеп әуежайына жетті

17.02.2023

Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп әуежайына бірер сағат бұрын қонды. Апаттан зардап шеккендерге арналған аса қажетті заттар тиелген әуе кемесін Қазақстанның Түркиядағы елшісі мен Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары қарсы алды. Осы қалада орналасқан құтқарушылар гуманитарлық жүкті түсіруге жәрдемдесті. Түркияның Сыртқы істер министрі Қазақстан Президенті мен қазақ халқына алғысын білдірді. Біздің елден жіберілген 16 тонна жылы киім, уақытша шатырлар мен төсек орындар бірден Адыяман қалысындағы зілзаладан зардап шеккендерге жіберілді.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу