Басты Жаңалықтар Петропавл-Алматы бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

Петропавл-Алматы бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

Мақтаулы Тальго пойызынан өрт шықты. Петропавлдан Алматыға қарай бет алған жүрдек пойыздың соңғы вагоны отқа оранған. Оқыс оқиға кеше түнгі уақытта Қарағанды облысының «Аршалы – Анар» теміржол учаскесінде болған. Салдарынан 235 адам жолдан қалды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін басқа пойыз жолға шыққан.

Шерхан Жамбылұлы


Бөлісу