Түркістан облысында өзен арналары бекітіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында өзен арналары бекітіліп жатыр

03.02.2023

Арыс қаласында кешеден бері 170-ке жуық құтқарушы табиғат апатына қарсы күресуде. Оларға іргедегі әскери бөлім қызметкерлері де көмектесіп жатыр. 15 мотопомпа және 22 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Су жайылу қауіпі бар аймақтарға 2000 қап құм төселді.

Қазіргі таңда жауын мен еріген қардан жиналған су Қабылсай арнасына құйылуда. Оның деңгейі кешегіге қарағанда 1 метрдей төмендеген. Тасқын судан зардап шеккендер мен қираған үй жайлар жоқ. Төрт түлік те аман. Монтайтас ауылдық округі, Қызылкөпір елдімекенінде су басу қаупі бар арық-атыздар мен жыраларды арнайы техника көмегімен тазалау, бөгеттер қою жұмыстары жүргізілуде. Ал қала көлемінде су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналасы құм салынған қаптармен бекітіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу