Атырау университетінің пара алған оқытушылары жұмыстан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау университетінің пара алған оқытушылары жұмыстан шығарылды

03.02.2023

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 8 оқытушысы парақорлық әрекеті үшін жұмыстан шығарылды. Олар соңғы бір жарым жылда студенттерден 5 мыңнан 400 мыңға дейін заңсыз ақша алған. Осы арқылы білім алушылар үшін емтихан тапсырып, сессиясын жауып берген. Тіпті тест сұрақтарын саудалап, өндірістік практикаға жоғары баға қойған. Қызметін асыра пайдаланғандарды оқу орнының жанынан құрылған жемқорлыққа қарсы қызмет анықтады. Сөйтіп, келісімшарт біржақты бұзылды. 10 студент те оқудан шығарылды. Жауапты мамандар қазір тексерісті бірнеше есе күшейткен. Енді студенттердің пара ұсынғаны анықталса, олар да елдің өзге университеттерінде білім алу құқығынан айырылады.

Хабарламаларға жазылу