Пара алған полиция қызметкері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара алған полиция қызметкері ұсталды

17.07.2014
Пара алған полиция қызметкері ұсталды

Жыл басынан бері Павлодарда 31 полиция қызметкері жұмыстан шығарылды. Олардың 7-еуі жемқорлық әрекеттері үшін жазаланған. Жақында Қаржы полициясы «тонын теріс айналдырып киген» тағы бір полиция қызметкерін қолға түсірді.

Ол алаяқтық әрекеті үшін қамалған күдіктіге қылмыстық іс қозғаудың орнына жазадан жалтаруға көмектескен. Әрине, тегін емес. Ақшаға құныққан полицей енді тар қапаста отыр.

Самал Ахмедиянова, облыстық Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

Қылмыстық жазаға тартпау үшін 150 мың теңге көлемінде «пара» алғаны үшін айыпталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сот қарауында.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу