Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейді

Қызылорда облысында көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейді

Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр көктайғаққа ұласып республикалық автожолдарда өткен тәулікте 14 жол апаты тіркелді. Қозғалыс айтарлықтай қиындады. Күрежолда көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмып, 10 адам дене жарақатын алды.  

Қайғылы жағдай «Самара-Шымкент» трассасының Сұлутөбе ауылының маңында болған. Қырғызстан еліне бет алған Тойота автокөлігі жолдан ауып, жүргізуші тілге келместен ажал құшқан. Жанында болған 6 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда. Полиция ауа-райының қолайсыздығынан әзірге ұзақ жолға шықпауды ескертеді. 

Әділбек Серікұлы

Бөлісу