«Digital Almaty» форумына қатысушылар 200 стартап жоба ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital Almaty» форумына қатысушылар 200 стартап жоба ұсынды

02.02.2023

 «Digital Almaty» форумына қатысушылар 200 стартап жоба ұсынды. Олардың арасында IT-технологиядан бастап адамның шыққан тегі, руы яғни арғы аталары жайлы ақрапат беріп, туыстарды топтастыратын қосымшаларға дейін бар.

Енді рулас туысқандарыңызды іздеп архив ақтарып, шежіреге үңілудің қажеті жоқ. Тек арнайы қосымшаға тіркелсеңіз жеткілікті. «Juzzim» деп аталатын қосымша сіздің гениологиялық шежіреңізді жүргізуге, құруға арналған құрал. Ол туыстық қатынасты анықтап, жақындарыңызбен қарым-қатынас орнатуыңызға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қосымшаның көмегімен сіз әдет-ғұрыптарды өткізудің тәртібі мен салтымен таныса аласыз. Авторлардың сөзінше, әлеуметтік кеңістікте қосымшаның баламасы жоқ.

Айта кету керек, форумға қатысушылар саны 16 мыңға жуықтайды. Бұл рекордтық көрсеткіш деп отыр мамандар.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу