Атырауда қоқыс полигондары қоршалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қоқыс полигондары қоршалып жатыр

26.04.2024

Атырауда қоқыс полигондары қоршалып жатыр. Сонымен қатар булану алаңдарында да жұмыс қарқынды жүруде. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт Жайық өзенінің жағасынан тікелей байланыста бізбенен. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:

Аумақтың ұзындығы 2 шақырымнан асады. Қазір жұмыстың екінші кезеңі басталды. Бұған 40-тан аса әскери қызметші мен мекеме жұмысшылары тартылған. Бөгеттерге политиэлен өнімі төселіп, 40 мыңға жуық қапшыққа құм толтырылған. Аталған аумақтың қоршау жұмыстарына энергетика басқармасы жауапты. Бұдан бөлек тағы екі учаскеде, «Квадрат» булану алаңы мен сол жағалаудағы кәріздік тазарту имараты аумағында жұмыстар қарқын алған алған. Ал шаһарда тасқынға қарсы бөгеттердің 92 проценті аяқталды. Бүгін су деңгейі 428 смге жетті. Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты жағалауды нығайту әлі де жалғасуда. Оған 764 арнайы техника, 7 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Соның арқасында 230 шақырымнан астам бөгет тұрғызылып, 2,7 млн қап құм төселген.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу