«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды

02.02.2023

Халықаралық және қазақстандық ІТ-қоғамдастық өкілдері Алматыда бас қосты. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ден астам сарапшы инновациялык технологиялар индустриясын дамытудың жаһандық сын-қатерлерін талқылайды.

Нұрсұлтан Тілектес:

Алматыда V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» форумы басталды. Бұл шараның мақсаты - Еуразия өңірінде ІТ-саланы дамыту. Тисінше, форумға қатысатын 150 спикер өнеркәсіп салаларынының автоматтандырудан цифрландыруға көшуін, цифрлық майнинг перспиктиваларын, роботтандыруды қолдау салаларын талқыламақ.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, форумға әлемнің 30 елінен 15 мыңға жуық адам қатысады. Екі күнге жоспарланған ауқымды шарада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары да бас қосып, тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту жайын қарастырады. Сондай-ақ ел технопарктерінің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмелері де ұйымдастырылады.

Оған қоса технологиялық марафон өтеді деп жоспарланған. Оның аясында 100 жаңа жоба ұсынылып, соның ішінен үздік деп танылғаны 18 мың АКШ доллары көлемінде сыйақыға ие болады. Айта кету керек, аталған форум 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.


Хабарламаларға жазылу