Бүгін президент ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Азамат Бейбітұлы