«AMANAT» партиясы сайлау науқанына дайын
«AMANAT» елдегі саяси реформалардың алғы шебінде болуы керек. Бүгін Астанада өткен кеңесте партия төрағасы Ерлан Қошанов саяси ұйым өкілдеріне осылай деді. Жиында партияның қазіргі жұмысы мен алдағы сайлау науқанына дайындық барысы талқыланды.
Іс-шараға орталық аппарат қызметкерлері, белсенділер мен өңірлік филиалдардың басшылары қатысты. Ерлан Қошанов алдымен партияластарын тыңдап, алдағы сайлау науқанына дайындық мәселесі бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының Төрағасы:
Бұл сайлауға біз «AMANAT» үлкен дайындықпен келе жатырмыз. Біздің мүмкіндіктеріміз мол. Қалыптасқан дәстүрлі электоратымыз, үлкен тәжірибеміз бар. Ендігі міндет – осы жұмысты дұрыс ұйымдастырып, сайлаушыларды ортақ мақсат алдында біз жұмылдыра отырып, әділ және таза жеңіске жету. Партия елімізде қазір жүргізіліп жатқан үлкен саяси реформалардың алғы шебінде болуы тиіс.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00