Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыста қаза тапқандар саны 90 адамнан асты. Қазір олар жер қойнына беріле бастады. Тағы 170-ке жуық адам жараланған. Бомба намаз кезінде іске қосылды. Сол сәтте мешітте 260 адам болған. Зардап шеккендердің көбі - полиция қызметкері.
Соңғы мәліметке қарағанда, қастандықты тәліптер мойнына алып, кейіннен ол сөзінен бас тартқан. Сондықтан, бұл шабуылды кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз болып тұр.
Арай Төлегенқызы