Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар 1000-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар 1000-нан асты

23.06.2022

Ауғанстандағы зілзала құрбандарының саны бір мыңнан асты. 1600-дей тұрғын жарақат алған. Олар ауруханада жатыр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көбі - Пактика провинциясының тұрғындары. Мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі кейбір аудандарда құтқару жұмыстары аяқталған жоқ. Бұған қоса, жараланғандардың арасында ауыр халде жатқандары бар. Қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісінен жүздеген үй қираған.

«Талибан» үкіметі халықаралық қауымдастықтан жер сілкінісінің салдарымен күресуге көмек сұрап отыр.


Хабарламаларға жазылу