Еуропада күн суытып, газ қоры азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада күн суытып, газ қоры азайды

30.01.2023

Еуропада күн күрт суытып, қарт құрлық елдері қоймадағы газды пайдалануды күшейтті. Осы уақытқа дейін қойма 80-90 пайызға толық болатын. Қар түсіп, аяз өршіген соңғы аптада көгілдір отын қоры екі есеге кеміген. Қазір еуропалықтар тәулігіне 693 млн текше метр газ жағып отыр. Қаңтарда жел аз болғандықтан жел турбиналарынан табиғи отын өндіру азайған. Сарапшылар, қоймадағы отын түгесілсе, дағдарыс өрши түсетінін айтады.

Питер Скубэ, газ компаниясының қызметкері:

Еуропада күн жылып, газ бағасы түсіп кеткен соң сығымдалған газ тасымалдаушылар Азияға ойыстады. Оларды Азиядан қайтару үшін Еуропа елдері газ бағасын қайта көтеруі тиіс.

Марк Грюнберг, жасыл энергия орталығының сарапшысы:

Сырттан келетін көгілдір отынға тәуелділіктен құтылу үшін бізге жел турбиналарының санын көбейту керек. Сонда олар табиғи отынмен жұмыс істеп тұрған энергостанциялардың орнын басады. 1,5 гигаватт жел станциясын орнатудың арқасында жел энергиясы өндірісін 46 пайызға көбейтуге болады.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу