Еуропада газ арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада газ арзандады

05.01.2023

Қаңтардың басында бүкіл Еуропа елдерінде күн күрт жылыды. Соңғы мәліметке қарағанда,  8 мемлекетте ауаның температурасы рекордтық деңгейге жоғарылаған. Осы себепті көгілдір отынның нарқы соғысқа дейінгі құнынан да арзандап кеткен.

Польшада температура 19 градусқа, ал Испанияда 25 градусқа дейін көтерілді. Нидерланды, Балтық елдері, Чехия, Дания, Беларусь, Германия, Франция мен Украинада да осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр. Сондықтан аймақта көгілдір отынға сұраныс төмендеп, Лондон биржасында газдың мың текше метрі 750 долларға дейін арзандады.

Бұл – 2021 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі баға.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу