Мүмкіндігі шектеулі жандар сайлауға түсуге құқылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандар сайлауға түсуге құқылы

27.01.2023

Сайлау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалады. Орталық сайлау комиссиясы осы мақсатта арнайы қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, атқарушы органдар сайлау комиссияларына ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Саяси науқан туралы хабар тарату да солардың қызметіне кіреді. Конституциялық заң бойынша биылдан бастап сайлауға түсетін партиялық тізімге әйелдер мен жастардан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандар қосылды. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек деген талап бар.

Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Мәслихат депутаттығына кандидаттар ретінде мүгедектігі бар азаматтарды ұсыну мүмкіндігі қарастырылды. Екінші - мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларын ескере отырып сайлау алдындағы үгіт жүргізу мүмкіндігін көздеу ұсынылады.

Бірнеше партия сайлауға тегін қатысады

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы «Байтақ» және «Республика» партияларына бірқатар өңірдегі мәслихат депутаттары сайлауына қатысуға рұқсат берді. Бұған дейінгі сайлауда бес және одан да көп пайыз жинаған партиялардың мәжіліс сайлауына жарнасыз қатыса алатыны белгілі болды. Бұл тізімде «Аманат», «Ақ жол», «Қазақстан халық» және «Ауыл» партиясы бар. Ал 3 пен 5 пайыз аралығында дауыс жинағандар жарнаның 50-70 пайызын төлейді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу