Сайлау комиссиясының барлық отырысы сурдоаудармамен өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау комиссиясының барлық отырысы сурдоаудармамен өтеді

13.11.2020

Орталық сайлау комиссиясының барлық отырысының онлайн трансляциясы сурдоаудармамен өтеді. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысты көбірек мәлімет алуы үшін жасалып отыр. Себебі қазір елімізде дауыс беруге құқылы 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сондықтан алдағы сайлауда оларға барынша жағдай жасалмақ. Мәселен, сайлау учаскелерінің 96 пайызы бірінші қабатта орналасады. Ал 84 пайызына пандустар орнатылған. Айта кетейік, сайлау комиссияларының құрамында да 455 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Дьердь Сабо, ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің басшысы:
Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға белсенді қатысуы өте маңызды. Бұл - қоғамдағы айтарлықтай ауқымды ресурс. Осы бағытта Қазақстанда атқарылып жатқан шаралар бізді қуантып отыр. Мемлекеттік органдар бұл адамдарды азаматтық қоғамға тартуға талпынуда. Сәйкесінше біз де осы процеске қолдау жасауға тырысып келеміз.

Амангелді Сейітхан

сайлау оск

Хабарламаларға жазылу