Таразда медицина қызметкерлері жаңа туған нәрестені сатпақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда медицина қызметкерлері жаңа туған нәрестені сатпақ болған

25.01.2023

Тараз қаласында медицина қызметкерлері жаңа туған нәрестені 1,5 млн теңгеге сатпақ болған. Қазір күдіктілер қамауда отыр. Олар босанған әйел баласынан бас тартатынын естіп, сәбиді делдал арқылы асырап алғысы келетін басқа адамға сатуға келіскен.

Бұл іске қатысы бар барлық адам анықталып жатыр. Медицина қызметкерлері 9-12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Нәресте қазір балалар үйінде.

Жамбыл Сматов, қала прокуроры:

Біздегі ақпаратқа сай, анасы баласынан бас тартатын болғандықтан, ол жерде медицина қызметкерлері соны өздері пайдаланып, пайда табу және өзінің ниетін жеткізу мақсатында, 1,5 млн теңгеге сатылған. Ол жерде әрқайсының қаражаттан үлесі бар. Сол себепті екі медицина қызметкерінің үлесі анық табылды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу