Алматының жаңа бас жоспары қоғамдық талқылауға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының жаңа бас жоспары қоғамдық талқылауға шығарылды

25.01.2023

2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2 жарым, ал, 2040 жылға қарай 3 миллион адамға жетеді. Сондықтан, қаланы 5 жаңа полиорталыққа бөліп, дамыту жоспарланып отыр. Мегаполистің жаңа бас жоспары қоғамдық талқылауға шығарылды. Сарапшылар бұған дейін 2002 жылы қабылданған құжатта көп қажеттілік ескерілмегенін айтады. Өзектілігін жоғалтқандықтан, жобаны қайта қарауға тура келген. Мәселен, қазір қала аумағы 34 мыңнан 70 мың гектарға дейін өскен. Бұл қаланың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне кері әсерін тигізіп отыр. Сәулетшілердің сөзінше, қазір шаһарда құрылыс жүргізетін бос орындар таусылып барады. Бас жоспар қоғамдық талқылаудан кейін бірнеше министрліктің қарауына жіберіледі.

Жанат Айтілеу, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС бөлім басшысы:

Сондықтан 2040 жылға дейінгі құрылыстардың ендігі қалған бөліктері қаланың аумағында ескі ғимараттар бар, ескі тұрғын үйлер бар. Солларды бұзып, құлатып, соның орнына қалаға керекті ғимараттар салынатын болады.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу