Ауғанстанда қатты аяздан кемінде 124 адам көз жұмды. Мұны «Талибан» билігі хабарлап отыр. Олардың дерегінше, биыл соңғы онжылдықтағы ең қатал қыс болып, 70 мыңдай мал қырылған. Бұл елде әйелдердің үкіметтік емес мекемеде жұмыс істеуіне тыйым салынған соң, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көбі қызметін тоқтатты. Осыған қарамастан тәліптер әйелдерге қатысты заңдар күшін жоймайтынын ескертіп отыр.
Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес министрлігінің мәлімдеуінше, елдің көптеген аудандары қар құрсауында қалған. Ал көмекке жіберілген әскери тікұшақтар қона алмай жатыр.
Арыстан Рысбек