![Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/25/1616643222953.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 1105 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 236200-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 835 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 213743. Қайтыс болғандар - 2952.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 124 адам ем қабылдап жатыр. 307 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 6 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50152 адамға пневмония диагнозы қойылды. 46864 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 669.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/138623/)