Қазақстанда бір тәулікте 766 адамнан COVID-19 анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бір тәулікте 766 адамнан COVID-19 анықталды

13.01.2021
Қазақстанда бір тәулікте 766 адамнан COVID-19 анықталды

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды. 766 адам коронавирус жұқтырған. Оның 114-ы Нұр-Сұлтан қаласында, 111-і Алматы қаласында тіркелді. Қостанай облысында 75 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 164477-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 584 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 150427. Қайтыс болғандар - 2377.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 524 адам ем қабылдап жатыр. 267 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 124 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46499 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34118 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 530.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу