Енді мектептерде соңғы қоңырау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілі айтты. Бірақ бұл оқу күндері көбейіп, каникул қысқарады деген сөз емес. Оқушылар әдеттегідей 170 күн оқып, 195 күн демалады. Оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Өткен жылы тамызда министрлік оқу жылын екі аптаға ұзарту жөнінде шешім қабылдаған болатын. Еске салайық, кеше Мәжіліс отырысында депутат Аманжол Әлтай соңғы қоңырау өтетін күнді ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Дарын Сағитов