25 мамыр Астанада «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шеру мен түлектерге арналған би кеші ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 мамыр Астанада «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шеру мен түлектерге арналған би кеші ұйымдастырылады

23.05.2016
25 мамыр Астанада «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шеру мен түлектерге арналған би кеші ұйымдастырылады

25 мамыр елордада 4593 оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Бұл күні сағат 13.00 «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Біз – ел болашағымыз» атты мерекелік шеру мен түлектерге арналған би кеші ұйымдастырылады.

Концерттік бағдарламаға қалалық ұжымдар қатысады. Атап айтқанда, «VIVA» шоу-балеті, «Kazakh Percussion Group» барабаншылар тобы, «Z» триосы, үздік брейк-данс ұжымдары мен М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ұжымдары. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, интерактивті конкурстар өткізіліп, көкке шарлар ұшырылады, әндерден попурри орындалады және т.б.

Ересек өмірге аяқ басқалы тұрған түлектерге жақсы лозунг ойлап тауып, сүйікті қаласына тілек білдіру ұсынылады.

Сонымен қатар, 25 мамырда сағат 17.00 Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтеді, онда республикалық, халықаралық конкурстардың, ғылыми жобалардың және олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Биыл шара «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 10 жылдығына арналады.

Еске салайық, 2015-2016 оқу жылында елордалық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея елдерінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 268 медаль еншіледі. Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командалары жалпыкомандалық есепте 1-ші орын алып, «Үздік команда» атанды. Сонымен қатар, өткен оқу жылында елордалықтар 97 жүлделі орын алды.

17 маусымда түлектерге аттестаттар табысталады.

Хабарламаларға жазылу