Бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылады

25.05.2015
Бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін республикамыздың мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтеді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

2015 жылы еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде 11 сыныпты аяқтайтын түлектердің саны 124 мың.

2-15 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 87 770 түлек қатысады.

2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгiге» 4 498 түлек үмітті.

Соңғы қоңыраудың мектеп өмірінде алатын орны ерекше. Бұл мерекеде түлектер балалық шақтарымен, алтын ұялары - мектептерімен және он жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымен қоштасады.

Хабарламаларға жазылу