Өскеменде заңсыз алкоголь шығарған 3 цех анықталды. Көлеңкелі бизнесті Өңірлік кірістер және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері әшкерелеп, 4 қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында қолдан жасалған акциздік маркамен саудаға шыққалы тұрған 30 мың бөтелке, спирттік өнім тәркіленді. Тауар облыс аумағындағы сауда орындарына сатылған.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы елімізде заңсыз айналымнан жалпы көлемі 800 мың литрге жуық қолдан жасалған алкоголь тәркіленген.