Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

15.08.2022

Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын 3 бірдей жасырын цех анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген жедел іс-шаралар кезінде бір топ азамат қолға түсті. Олар Түркістан мен Шымкентте орналасқан қоймаларда астыртын жұмыс істеп келген. Заңсыз өнімді сол маңдағы сауда орындарына сатқан. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу