Газа секторында жағдай күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газа секторында жағдай күрделі

24.10.2023

Израильдің әуе шабуылына ұшырап жатқан Газа секторында апатты жағдай туды. БҰҰ осылай деп мәлімдеп отыр. Палестиналық анклав тұрғындары ауыз суға зәру. Бұған қоса жұқпалы аурулар, іш өту, тері аурулары белең алған. Жексенбіде, Рафах өткізу бекетінен бөтелкелермен 44 мың литр су кіргізілді. Алайда ол Газа тұрғындарының бір пайызына ғана жетеді. Израиль соңғы тәулікте сектор аумағына әуеден 300 мәрте соққы берген. Ал Хамас тағы екі тұтқынды босатты. Қарулы топ мүшелері кепілде болғандарды денсаулық жағдайларына және гуманитарлық себептерге байланысты жібергенін мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу