Северодонецк қаласында жағдай күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Северодонецк қаласында жағдай күрделі

30.05.2022

Северодонецк көшелерінде қиян-кескі шайқас жүріп жатыр. Мұны Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай мәлімдеді. Мұндағы маңызды инфрақұрылымның 100 пайызы қираған. Дәрігерлер де қаладан кетіп жатыр. Гайдайдың сөзінше, көшеде ресейлік сарбаздардың мәйіті шашылып жатқандықтан, инфекция тарау қаупі бар. Ал Северодонецкіге іргелес Лисичанск қаласы Украина күштерінің бақылауында. Ресей әскері Лисичанск-Бахмут жолына үздіксіз оқ жаудырып жатыр. Ресми Киев осы маңдағы Лиман теміржол торабын ресейліктер басып алғанын қайта жоққа шығарды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу