Италияда Маттео Мессина Денаро тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда Маттео Мессина Денаро тұтқындалды

16.01.2023

Әйгілі Сицилия мафиясының басшысы Маттео Мессина Денаро тұтқындалды. Оны тәртіп сақшылары 30 жыл бойы іздестірген. Атышулы «Коза-Ностраның» жетекшісі Палермо қаласындағы жекеменшік клиникалардың бірінде қолға түсті. Талай адамды өлтіргені үшін өмір-бақи түрме жазасына сырттай кесілген Денароның ұсталуын Италия премьер-министрі Джорджия Мелони «мемлекет үшін үлкен жеңіс» деп атады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу