Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі бюджет қаражатын құмар ойындарға салып отырған. Ол қызметкерлерге тиесілі жалақы мен зейнетақы жарналары мен дәрі-дәрмекке жұмсалатын қаражатты 1 жылдан астам уақыт бойы алдымен өзіне аударып, одан кейін букмекерлік кеңсеге жіберіп тұрған. Жетісу облыстық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің тергеп-тексеру нәтижесінде 28 жастағы маман 116 млн теңгені қолды қылғаны анықталды. Қазіргі таңда аурухана қызметкерлерінің міндетті төлемдері мемлекет есебінен толық қайтарылды.
Аслан Бидасов, Жетісу облыстық Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Қылмыстық ісі сотта қаралуда. Қылмыстық іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмыс санаттарына жатады. 7 жылдан 12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қуаныш Қанатұлы