Шенеунік жарты млрд теңгені құмар ойынға салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеунік жарты млрд теңгені құмар ойынға салған

04.01.2024

Жамбылда әкімдік қызметкері қызмет бабы бойынша көмектесемін деп алдап, адамдардан жарты млрд теңге алған. Халықтың ақшасын қалтасына басқан қызметкер облыстық жастар басқармасында 10 жылдай жұмыс істеген. 38 жастағы мемлекеттік қызметші алдымен ауылдастары мен жақын таныстары тендер ұтып беремін деп сеніміне кірген. Сөйтіп соңғы 2 жыл ішінде жарты млрд теңге жинап алған. Ал адамдардан алған ақшаны бәске тігуге жұмсаған. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жұмысын жеңіп беремін деген желеумен ақша орнына пәтерлер де алған. Баспадан бастап, барын бергендер сан соғып қалғанын Қырғызстанға қашып кеткенде бірақ түсінеді. Кейін оны елге оралғанда құзырлы орын қызметкерлері құрықтайды. Сот залында күдіктінің кінәсі толық дәленденіп, 15 адамның арызы бойынша жаза кесілді.

Аяла Құдайберген, Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры:

205 млн теңге сотталған азаматтан өндірілмеді, ал жәбірленушілер кешірім берген жоқ. Оған 6 жыл 8 ай бас бостандығына айыру жазасы кесілді. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ сот үкімімен мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен 10 жыл бойы айналыса алмайды.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу