Ресейдегі жер көлемі бойынша ең үлкен аймақ - Саха Республикасының кей аудандарында апта соңына қарай 65 градус аяз болуы мүмкін. Мұны «Гисметео» метеорологиялық онлайн қызметі хабарлап отыр.
Дегенмен, қаңтар айындағы жалпы көрсеткіш бойынша сынап бағанасы орта есеппен 38-40 градус болмақ. Сондықтан аймақ астанасы Якутск қаласының тұрғындары күн райы азғана уақыт 60 градусқа дейін суытса, оған төзу аса қиын емес дейді.
Арыстан Рысбек
