Ресейдің Шығыс Сібір аймағында орман алқаптары өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Шығыс Сібір аймағында орман алқаптары өртеніп жатыр

08.08.2023

Ресейдің Шығыс Сібір аймағындағы Якутия-Саха Республикасында орман алқаптары өртеніп жатыр. Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, тілсіз жаумен күреске жүздеген өрт сөндіруші мен ондаған арнайы машина жіберілген. Қоршаған орта мамандарының дерегінше, Сібірде жыл сайын 18 миллион гектар орманда 27 мыңдай өрт ошағы тіркеледі екен. Былтыр орман өрті кезінде қою түтін Мәскеуге жетіп, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген болатын. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу