Несиесін қайтара алмаған азаматтар 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несиесін қайтара алмаған азаматтар 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

06.01.2023

Банкке несиесін қайтара алмаған азаматтар 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, тиісті заңға қол қойылды. Банкроттық туралы рәсім соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілетін қалпына келтіру болып үшке бөлінді. Егер борышкер соттан тыс немесе сот арқылы өзін банкрот деп жариялайтын болса, 5 жыл бойы қарыз ала алмайды. Тек 7 жылдан кейін ғана қайтадан өзін «банкрот» деп жариялай алады. Бұл азаматтың қаржылық жағдайына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі. Кредит 5 млн 520 мың теңгеден аспаған жағдайда ғана соттан тыс банкроттық тәсілі қолданылады. Дегенмен қарыз алған адамның мүлкі сот арқылы сатылатынын ескеру қажет. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу