Кабулда пневмонияға шалдыққан балалар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулда пневмонияға шалдыққан балалар көбейді

05.01.2023

Ауғанстан астанасы Кабулда пневмонияға шалдыққан балалар күрт көбейді. Оларды жергілікті ауруханалар қабылдап үлгере алмай жатыр. Орын жетпегендіктен, бір төсекке 2-3 бүлдіршінді жатқызуға мәжбүр. Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше мыңдаған жеткіншектің өкпесі қабынуына күннің суытуы мен тойып тамақ ішпеу проблемасы себеп болған.

Айта кетейік, 2021 жылдың қарашасында Кабулда 3600-дей бала ауруханаға түскен. Олар жөтел, демікпе мен пневмония сырқатына шалдыққан еді. Биыл бұл көрсеткіш 6700-ге жетіп отыр. Ал «Қызыл жарты ай» ұйымының дерегінше, соңғы бір жылда «пневмония» диагнозы қойылған балалардың саны ауғанстанда 50 пайызға өсіпті.

Арыстан Рысбек



Хабарламаларға жазылу