Түркістан облысында соңғы екі аптада індет жұқтырғандар 68 пайызға көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында соңғы екі аптада індет жұқтырғандар 68 пайызға көбейген

13.05.2021

Түркістан облысында вирусты пневмонияға шалдыққан науқастар саны күннен күнге көбейіп барады. Өңірде соңғы екі аптада індет жұқтырғандар қатары 68 пайызға артқан. Ал, кешегі тәулікте 25 адам коронавирус жұқтырса, пневмонияға шалдыққан 37 науқас анықталды. Мамандар бұған қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарында, халық көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарының сақталмауы себеп дейді. Жыл басынан бері облыста карантин талаптарын бұзғандарға жалпы сомасы 128 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Тыйым салынғанына қарамастан той өткізіп жатқан тойханалар жаппай жабылуда.

Бахтыораз Елемесов,  облыстық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Мерекелік шаралар, отбасылық іс-шаралар өткізген 19 тойхананың құжаттары сот органдарына өткізіліп, оның 11-не қатысты соттың шешімімен олардың қызметтері тоқтатылды.


Хабарламаларға жазылу