Шымкентте пневмонияға шалдыққан жүкті әйел жазылды

11.08.2020

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі 70 пайыз зақымданған жүкті әйелді аман алып қалды. Ол 6 тамыз күні Асар ықшам ауданында орналасқан инфекциялық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген. Дәрігерлер 31 жастағы келіншектің құрсағындағы 7 айлық шарананың жағдайы да жақсы екенін айтады. 

Айжан Бейсенгірова, Анестезиолог-реаниматолог дәрігер: 

Протокол бойынша барлық емдеу шаралы жүргізілді. қазір науқастың жағдайы жақсарып, жазылып келеді. Жақын күндері үйіне шығаруды жоспарлап оырмыз. 

Гүлжазира Ғалиқызы 

Хабарламаларға жазылу