Ауа-райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 79 учаскесі жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа-райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 79 учаскесі жабылды

04.01.2023

Ауа-райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 79 учаскесі жабылды. Оның 32-сі республикалық маңызы бар учаске. Жолдарда орын алған төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Осыған ұқсас штабтар өңірлерде де жұмыс істеп тұр. Блок-бекеттерде 1000-нан астам автокөлік жиналды. Соңғы тәулікте 725 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілген. Оның ішінде 137 бала, 124 көлік қар құрсауынан шығарылды. Халықты эвакуациялау үшін автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері дайындалды. Сондай-ақ эвакуациялау үшін 200 бірлік техника дайын тұр. Уақытша жылыту орындарында 200-ден астам адам, оның ішінде 16 бала бар. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 4163 адам және 1343 бірлік техника жұмылдырылған. Төтенше жағдай министрлігі эвакуациялау және жолдарды тазарту жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлайды.

Қахарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескертуге назар аударуға шақырады. Ауа райы бұзылған жағдайда сапарға шықпаңыздар. Егер сіз жолда қалып, құтқарушылардың көмегі қажет болса 112 немесе 101 телефондарына хабарласыңыз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу