Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жол учаскелері жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жол учаскелері жабылды

01.01.2016
Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жол учаскелері жабылды

ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды. Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Қарабұтақ-Комсомольское-Рудный-Қостанай» тасжолындағы Денисовка ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 231-385 шақырымдық учаскесі барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Сонымен бірге бүгін сағат 14.15-те ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, боран) «Алматы-Екатеринбург» тасжолындағы (Теміртау қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі 1051-1142 шақырымдық учаскесінде) барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Хабарламаларға жазылу