Елордада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?

30.12.2022

Елордада мереке күндері қоғамдық көліктердің қалай жүретіні белгілі болды. 1 қаңтарда қалаішілік және қала маңындағы №303, 304, 306, 307, 320, 323, 326 бағыттағы автобустар таңғы 10:00-ге дейін бір кезек өткізіп жүреді.

Яғни жәй күндері жолаушылар аялдамада автобусын 10 минут күтсе, енді 20 минут тосуы мүмкін. Ал 10:00-ден кейін көліктер жексенбі күннің кестесімен жүре бастайды. Қала маңына қатынайтын экранда көрсетілген барлық бағдарлар таңғы сағат 10.00 бастап жолға шығады.

Бұл - жексенбі күнінің штаттық кестесі. Жаңа жылдың 2-3 қаңтарында да демалыс күнінің кестесімен жүреді. Одан кейін қоғамдық көлік жұмысы қалпына келіп, штаттық режимде жұмыс істейді. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу