Өткен тәулікте 1186 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1186 адам коронавирус жұқтырған

18.03.2021

Алматыда демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жүру тәртібі өзгереді. Таңертең 6 мен 10 және кешке 5 пен 10 аралығында ғана жүреді. Елорда да жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді. Қазіргі таңда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары эпиджағдайға байланысты «қызыл» аймақта. Сары тізімде Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Алматы және Қарағанды облыстары тұр.

Бір тәулікте елімізде 1186 адам короновирус жұқтырды. 807 науқас жызылып шықты. Сонымен қатар, 57 адам пневмонияға шалдыққан. Бұл дерттен 186 адам жазылды. Қазір 19 871 адам короновирустан емделіп жатыр. 236 науқастың жағдайы ауыр.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу