Ұлттық банк төрағасы 2023 жылға арналған басым бағаттарды атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы 2023 жылға арналған басым бағаттарды атады

29.12.2022

Ұлттық банк төрағасы 2023 жылға арналған басым бағаттарды атады. Ғалымжан Пірматоватың айтуынша, алдағы жылы бой бермей кеткен инфляцияны ауыздықтап, құнды қағаздар нарығын дамытуға басымдық берілмек. Ал қазір инфляция 20 пайызға жақындап қалды 19,6 процент. Қатты өсіп кетпеу үшін Ұлттық банк жыл басынан бері базалық мөлшерлемені бірнеше мәрте көтерген болатын. Қазір ол 16,7 пайыз.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Базалық мөлшерлеме көтерілген сайын халықтың теңгедегі жинағы бойынша шекті мөлшерлемелер де артты. Сонымен қатар Үкіметпен бірлесе отырып, теңгедегі депозиттерді қорғау үшін сыйақы төлеу бағдарламасы жүзеге асырылу үстінде. Қабыл¬данған шаралар халықтың теңгемен сақталған депозиттерінің қысқаруына жол бермей, ұлттық валютамызға деген сенімді нығайта түсіп, валюта бағамына қысымды төмендетуге мүмкіндік берді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу